USD
USD
USD

ҰҚК есірткі қылмысына қатысушыларды құрықтады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің әртүрлі өңірлерінде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар есірткімен айналысатын топтың заңға қайшы іс-әрекетін жолын кесуге бағытталған арнайы операцияны іске асырды.

ҰҚК есірткі қылмысына қатысушыларды құрықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жедел зерделеу жұмысының нәтижесінде Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың көмекшілері ұсталып, 5,5 тоннаға жуық аталған апиын түрі алынды.

Осы операцияның екінші кезеңі барысында Өскемен қаласында 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталды. Дәл осы уақытта, Қарағанды қаласында жалға алған қоймаларда 10 тоннадан аса есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды.

Бұған қоса тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан жарақаттаушы және суық қару, сонымен қатар ірі көлемде ақшалай заттар табылып, алынды. Алдын ала тергеу анықтағандай, аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланған.

Жалпы қолға түскен есірткі көлемі 16 тоннадан асты. Одан әрі жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмысы жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев