USD
USD
USD

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы жылына 100 мыңға жуық хабарлама келіп түседі

Қазақстанда жылына полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық өтініш келіп түседі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы жылына 100 мыңға жуық хабарлама келіп түседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы – еліміздің отбасылық-демографиялық саясатының өзекті мәселесі. Зорлық-зомбылықтың өсуі – қоғам мен жеке адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

– Бұл салада проблемалар бар екенін мойындауымыз керек. Қазір қоғам өзгерді. Зорлық-зомбылық құрбандары мұндай фактілерді ашық айтатын болды. Нәтижесінде соңғы бес жылда мұндай фактілер бойынша өтініштер саны 3 есеге өсті. Сонымен бірге, олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады. Онсыз қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері “үй тирандарын” жауапқа тарта алмайды. Нәтижесінде жазасыздық жүгенсіздікке әкеліп соғады. Қол жұмсау әдетке айналды десек те болады. Демек, одан да ауыр зардаптар туып, салдарынан отбасы-тұрмыстық салада ауыр қылмыстар орын алып жатыр. Мысалы, биылғы жылдың өзінде тұрмыстық жанжалда 18 кісі өлтіру жасалды, – деп хабарлады ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан