8 Ақпан 19:42

Түркиядағы жер сілкінісінде жоғалған жерлесіміздің бірі үйінділер астынан құтқарылды

Фото:

Үйінділер астында тірі жатыр деген Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Алматы, NEGE. Сабинаға оқиға орнында медициналық алғашқы көмек көрсетілді. Одан кейін ол ауруханаға жіберілді. Оның қолы сынғаны белгілі болды.

«Қазір құтқарушылар үйінділерду аршу жұмыстарын жедел атқарып жатыр. Қалғандары да Сабина табылған тұста алыста болмауы керек. Ақпарат пайда болған сәтте-ақ хабарлаймыз», -деп жазды іздеуші топ өкілдері.

Тегтер: