USD
USD
USD

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 12 адам табылды

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 12 адам табылды. Олар бір отбасының мүшелері екен.

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 12 адам табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар 31 желтоқсан күні қойшы ауылдағы өз үйлеріне демалуға барған екен. Екі күн бойы болған қатты боран салдарынан жолдардың барлығы жабылғандықтан, олар кері кайта алмай, сол жерде калып койған екені анықталды.

3 қаңтар күні отбасы мүшелері үйге оралмағандықтан, үйде қалған отбасы мүшесі оларды іздеу қажеттігін айтып құтқарушыларға хабар берген.

Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі авто көлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама 2023 жылдың 5 қаңтарында сағат 10:00-де түсті. Жоғалған адамдар соңғы рет 2023 жылдың 3 қаңтарда сағат 16:00-де туыстарымен байланысқа шыққан болатын. Өтініш иесінің айтуынша жоғалған адамдар 3 қаңтар күні Шымкент қаласына қайтулары керек болған.

Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы, ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.

Құтқарушылар мүгедек әже мен екі қызды Түркістан қаласына эвакуациялады. Әжеге медициналық көмек қажет болған жағдайда, бұл жерге медицина қызметкерлерінің жетуі қиын болатын еді. Қалған 9 отбасы мүшесі  ауылдағы үйде қалды. Олар эвакуациядан бас тартып, жол ашылған соң үйлеріне оралатынын айтты.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті дауыл ескертулерге құлақ асуға кеңес береді. Тауға шықпас бұрын сол аймақтың ауа-райымен міндетті түрде танысыңыз. Жақындарыңызға жоспарланған тау бағыты мен қалаға қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы