USD
USD
USD

Түркістан облысында бірнеше ауданды су басты

Толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен Түркістан облысының бірнеше қаласы мен аудандарын су басты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі. 

Түркістан облысында бірнеше ауданды су басты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, облыста қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты 8:00-ден бастап таулы аудандарда су деңгейі көтеріліп, аулаларды су алған.

Соның салдарынан Кентау мен Түркістан қалаларында, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында аулалар мен көшелерді су басты.

"ТЖД күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында және жаңбыр суын сору бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ТЖМ. 

Қазір оқып жатыр

Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифін 8,3%-ға көтеру ұсынылды

тариф

Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді

Мадина Абылкасымова

Таиландтан сәлемдеме алып жүрген алматылық жігіт 16 жылға сотталды

есірткі бизнесі

Ресейде кәмелетке толған азаматтарға әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға рұқсат етілмек

заң