USD
USD
USD

Түркістан облысында трамадол сатқан дәрігер қолға түсті

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Шардара қаласында 300-ден астам трамадол дәрісін заңсыз сатты деп күдіктелген дәрігерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында трамадол сатқан дәрігер қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Полицияның хабарлауынша, Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтаған.

"Дәріхана сатушысы ұсталды. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептісіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара АПБ-ға тіркеуге алынды", – дейді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Аталған фактіге қатысты жинақталған материалдар Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі "Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу" бойынша жолданды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев