USD
USD
USD

Тастанды сәби туралы айтпаған дәрігерлерге айыппұл салынады

ҚР Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.

Тастанды сәби туралы айтпаған дәрігерлерге айыппұл салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кодекске «Мемлекеттік медицина ұйымдары мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жаңа туған нәрестені тастап кету фактісіне жол бермеуі» деген жаңа бап енгізіліп жатыр.

Бұл бапты бұзғаны үшін әуелі ескерту жасалады. Бір жылда қайталанған факті үшін 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Тағы бір жаңа бапта жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді баланың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті орган қарайтыны көзделген. Дәл сол орган әкімшілік жаза қолданады.

Құжат 3 наурызға дейін қоғамда талқылануы үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI

Құрылтайдағы әйелдер рөлін тек квота бойынша бағаламау керек – Women in Tech Kazakhstan басшысы

Әсем Болатжан

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт