USD
USD
USD

Танымал блогер Дәулет Мұқаев бұрынғы «Бірлік» партиясына қосылды

«Бірлік» саяси партиясының атауы «Адал» болып өзгертілді. Ребрендинг туралы шешім 5 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен партия Саяси кеңесінің отырысында қабылданды.

Танымал блогер Дәулет Мұқаев бұрынғы «Бірлік» партиясына қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Партия төрағасы Серік Сұлтанғали атап өткендей, «Бірлік» партиясы жұмысын қайта бастауға дайын. Ол тек басқару органдарына ғана емес, жалпы философияға да қатысты болмақ.

«Біз ребрендинг секілді, атауды өзгерту туралы зерттеу жүргіздік. Зерттеуді кәсіби әлеуметтанушылар жүргізді. Олар атаудың 10-ға жуық нұсқасын қарастырды. Талдау нәтижелері бойынша «Адал» нұсқасы жеңіске жетті. Мамандар бұны халықтың жаңаруға деген қажеттілігін, әділеттілікке деген сұранысын түсіндіреді дейді. Сондай-ақ, адамдар әділеттілік сөзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестен бастап, шешім қабылдаудың ашықтығына дейін үлкен мағына береді», – деді партия төрағасы.

 

Серік Сұлтанғали күн тәртібіндегі сайлауалды мәселелерден бөлек, саяси кеңеске енген партияның жаңа 9 мүшесін таныстырды.

Олар: – Жұмағазиев Элдар Тынышбайұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі;

– Садырбаев Алмасбек Жұмабекұлы, «Шопан Ата» Ұлттық Қазақстан қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы;

– Маликова Лаура Алмасбекқызы, Тәжірибелі экологтар қауымдастығының басшысы;

– Ордабаев Олжас Темірбекұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары; - Назаров Ардақ Құттықожаұлы, әлем чемпионы, қоғам қайраткері;

– Максат Толықбай, танымал тележурналист;

– Дәулет Мұкаев, танымал тележурналист, әлеуметтік жобалардың авторы;

– Шацкий Игорь Владимирович, қоғам қайраткері;

– Қожамқұлов Мұрат Әкімханұлы, «Адал» партиясы филиалының басшысы.

«Қазір біз Мәжіліс пен мәслихаттар үшін партиялық тізімдерді қалыптастырудамыз. Қорытынды бойынша әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота сақталады. 30 қыркүйекте өткен съезде өз күш-жігеріміз, тәжірибеміз бен көзқарасымыз бар екенін айтқан болатынбыз. Мен өз сөздерім мен партияның жаңаруын растаймын. Жаңа құрылымның енгізілуі бізді одан әрі нығайта түспек. Бүгін біздің саяси кеңесімізге өз тәжірибесі мен білімін енгізер түрлі саладағы жаңа тұлғалар, қоғам қайраткерлері енді.Біз сайлауға қатысуға дайындалып жатырмыз, тиісті идеологиялық, талдау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды», – деді Серік Сұлтанғали.

Қазір оқып жатыр

Сот Атырау облысы әкімнің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Бақытгүл Хаменова

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі

Тоқаев

Қазақстанда тағы бір рақымшылық жариялануы мүмкін

Сталкинг

Тоқаев жаңа Конституцияға қол қойды

Тоқаев