7 Ақпан 18:45

«Тальго» жолаушылар пойыздарына профилактикалық және бақылау тексерулері күшейтіледі

Фото:
Наурыз айынан жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерден басталады, деп хабарлады ҚР ИИДМ.

 

Алматы, NEGE. Кейінгі 3 жылда жолаушылар тасымалдайтын Patentes Talgo S.L. жүрдек пойыздарында техникалық вагондардың өртенуіне қатысты 3 жағдай тіркелді.

Келеңсіз оқиғалардың орын алуына жылжымалы құрам иелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп .

2022 жылы ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарына байланысты 100-ден артық бұзушылықты анықтап, 2 млн теңгеден аса қаражатқа әкімшілік айыппұл салған . Биыл наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерде жүзеге асырылып, бұл ақауы бар вагондардың рейске шығуын алдын алады. 

Тегтер: