USD
USD
USD

Суға батқан жүргізушінің денесі Алакөлден табылды

Суға батқан жүргізушінің денесін Алакөл көлінде сүңгуір құтқарушылар тапты, деп хабарлайды ТЖД. 

Суға батқан жүргізушінің денесі Алакөлден табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:10 шамасында Нива маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушымен Алакөл көлін мұз үстімен кесіп өткен болатын. Мұз жамылғысының сынуы нәтижесінде көлік су астында қалды. Көлікте отырған жолаушы көліктен шыға алды. Өкінішке орай жүргізуші көлік салонынан шыға алмай суға батып кетті.

Жұмыс барысында бүгін 14 қаңтарда таңертең сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды.

Құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ күштері мен құралдары Абай облысының жедел құтқару жасағынан 4 адам, 1 техника бірлігі, ЖАО 25 адам 6 техника бірлігі тартылды.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт

Ядролық физика институтының қызметкерлері үш айдан бері жалақы алмаған

Ядролық физика институты

Назарбаев зияткерлік мектебі түлектеріне қымбат пәтер сыйланғаны рас па?

қымбат сыйлық

Абзал Құспан Құрылтайға неге өтпеді және ендігі жоспары қандай?

Абзал Құспан