4 Ақпан 18:40

Шу ауданында екі балықшы мұз астына кетіп жазым болды

Фото:

Оқиға 3 ақпан күндіз Шу қаласынан 40 км жердегі Тасөткел су қоймасында болған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Балықшылар жағалаудан 50 метр жерде отырған кезде мұз жарылып, адамдар судың түбіне кеткен.

Құтқарушылар бір адамның өлі денесін тез арада алып шықты, ал екіншісін іздеуге тура келген.

Бүгін таңертеңгі сағат 10-да құтқарушылар суға батып кеткен екінші адамның өлі денесін тауып алып, судан алып шықты.

Мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан осындай қайғылы оқиғалар болады.

Қазақстанның ТЖМ азаматтарға қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.

Тегтер: