16 Ақпан 14:31

«Сарбаздан ер адамның шәуеті табылды»: Шекара қызметінің басшысы сарбаздың қазасы туралы айтты

Фото:

Сенат отырысында Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов 19 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Шөлдала шекара бекетінде қаза тапқан әскери қызметкер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. 19 тамызда Шөлдала шекара бекетінде әскери қызметші сарбаз белдігіне асылып қалған күйі табылды.

"Өкінішке қарай, өзіне қол жұмсау фактілері бар, бірақ статистикада өсім жоқ. Бірақ мұндай фактілер бар. Оның себебі неде? Ресми түрде қарастырайық. Қызметкерлердің жұмысында олқылықтар бар, мұны жоққа шығаруға болмайды. Оған қоса басқа да себептер де жоқ емес. Айталық, шақырылған контингент қызметті жүзеге асыруға, жүктемені қабылдауға моральдық-психологиялық тұрғыдан толық дайын емес", - деді Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов.

Ол Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сай қызметтік тергеу аяқталғанға дейін тергеуде бар кез келген факті жарияланбайтынын мәлімдеді.

"Тергеу осы немесе басқа оқиғаға ықпал етуі мүмкін түрлі факторды қарастырып жатыр. Олардың қайсысы соңында расталады, қайсысы болмайды, бұл енді тергеу мәселесіне байланысты. Тергеуді, біріншіден Бас тергеу, ІІМ департаменті жүргізеді. Оған біздің еш қатысымыз жоқ, біздің тергеу материалдарына кіруге де рұқсатымыз жоқ. Мен түсініктеме бере алмаймын, материалдарды көрген жоқпын. Тергеу аяқталғаннан кейін бізге хабарлайды. Әрине, одан кейін шара қолданылады", - деді Ерлан Алдажұманов.

Ерлан Алдажұманов кейіннен бұл мәселені айта бастаса, ертең жауапқа тартылуы мүмкін екенін қоса кетті.

"Адвокаттың уәжі ме? Мен ешқандай тұспал келтірмей-ақ қояйын, бірақ ол басты күдіктінің адвокаты екенін айтайын. Сондықтан ол қорғаудың осы түріне жүгінді. Бұл - жеке мәселе. Тергеу аяқталады. Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екені сол кезде белгілі болады. Тергеу нәтижесін күтуіміз керек", - деді Ерлан Алдажұманов.

Сонымен қатар ол Шекара қызметі өз бетімен тексеру жүргізгенін, нәтижесінде бірқатар тәртіптік және басқа да шара қолданғанын айтты.

"Жамбыл облысы бойынша шекара қызметінің департаментінің бастығы қызметінен босатылды, шекара басқармасының бастығы, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, застава бастығы лауазымдарынан айырылды. Олар қамауда, тергеудің аяқталуын күтіп жатыр. Содан кейін бұл лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар болады", - деді Ерлан Алдажұманов.

Жалпы оның айтуынша, шекара әскеріндегі дедовщина мәселесі өзекті емес.

"Фактілер бар, бірақ фактілер оқшауланған. Барлығы адамдарға байланысты... Олар бір бөлмеде тәулік бойы тұрады. 9 ай мерзімді әскери қызметшілер бар, келісімшарт бойынша әскерилер одан көбірек қызмет етеді. Еңбек өтіліне байланысты кей мәселелер болуы мүмкін. Бірақ ешқандай ауыр фактілер болған жоқ. Атап айтқанда, қорлау, үлкендердің өзінен кіші жастағыларды шақыруы, зорлау болған жоқ. Мен 100% кепілдік беремін", - деді Ерлан Алдажұманов.

23 қаңтар күні өзін өлтіруге итермеледі деп айыпталған адамның адвокаты Сержан Пралиев тергеуден ДНҚ сараптамасы кезінде анықталған фактілерге жауап беруді сұрады.

Тегтер: