USD
USD
USD

Парламент Елбасыға қатысты заңның күшiн жою туралы құжатты қарап жатыр

ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары 28 желтоқсанда палатаның жалпы отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты "Елбасы" мәртебесінен айыруды қарастыратын заң жобасын қарап жатыр. 

Парламент Елбасыға қатысты заңның күшiн жою туралы құжатты қарап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Аталған заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Атап айтатын болсақ, биылғы 8 маусымдағы Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов палатаның жалпы отырысында.

Ол бұл заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленгенін айтып, әріптестерінен Заң жобасын қарау үшін жұмысқа алуды өтінді.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық

Алматыда жүйіткіген көлік музей алдындағы арт-инсталляцияға соғылды

жол-көлік оқиғасы

КҚК терминалына бағыт алған танкерге екі рет шабуыл жасалды

дрон шабуылы