7 Ақпан 17:29

Менің отбасымның жартысы үйінді астында қалды: Танымал түрік сериалының актері көмекке зәру екенін айтты

Фото:

Түріктің танымал «Kara Sevdа» сериалына түскен актер Угур Аслан жер сілкінісінен кейінгі зардаптарды айтты. 

Алматы, NEGE. Ол апат болған өңірлердің бірі Хатай қаласында туып өскен. 

Өңірде болып жатқан оқиғаларды айтып, Twitter желісінде барлығынан көмек сұрады. Угур Аслан әлеуметтік желідегі парақшасында Хатайдағы отбасының жартысы үйінді астында қалғанын мәлімдеді. 

«Менің отбасымның жартысы Хатайда үйінді астында қалды. Аман қалғандардың айтуынша, ешкім оларға көмектеспей жатыр. Неге?», - деп жазды ол. 

Қазір 10 провинцияда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Апат болған өңірлерге көлікпен баратын жолдардың барлығын үйінді басып қалған. Актердің айтуынша, елді мекендерді тонап жатқандар да бар. 

Тегтер: