Маңғыстау облысында үш баланың анасы табылмай жатыр
Маңғыстау облысында үш баланың анасы Жания Абдуллаева үш айдан бері табылмай жатыр, деп
жазды Inaktau.kz.
Алматы, NEGE. Жания Абдуллаева 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Бейнеу ауылындағы үйінен шығып кеткен. Кейін әйел жоғалған күні Бейнеу-Маңғыстау бағытындағы пойызға билет сатып алғаны белгілі болды.
Туыстары Жанияны іздеуде көмектесу үшін құқық қорғау органдары мен ел тұрғындарына жүгінген. Алайда бүгінгі таңға дейін іздеу жұмыстары еш нәтиже бермепті.
2 қаңтарда Жания 28 жас толды. Үйде оны үш баласы күтіп отыр.
Жания Абдуллаеваның қазіргі мекенжайы туралы білетін адамдардан келесі нөмірге хабарласуды сұрайды: +7 (775) 390-91-85, +7 (705) 289-54-90 немесе 102.
Қазір оқып жатыр
«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады
Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады
ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған
Алматыда жүйіткіген көлік музей алдындағы арт-инсталляцияға соғылды