USD
USD
USD

Маңғыстау облысында алып қыз дүниеге келді

Маңғыстау облысында салмағы 5 кг 800 гр қыз дүниеге келді. Нәресте – Форт-Шевченко қаласының 26 жастағы тұрғынының бесінші баласы

Маңғыстау облысында алып қыз дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

, деп жазды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Дәрігерлер бала салмағының үлкен болатынын алдын ала болжаған. Сәби 19 қаңтарда дүниеге келген.

"Жағдайым жақсы. Барлық дәрігерлерге алғысымды айтамын. Мен көп балалы анамын, бұл – менің бесінші сәбиім. Балаларымның барлығы ірі салмақпен дүниеге келді", - дейді жас ана Айгүл Жұмбаева.

Айгүл Жұмабаеваның жағдайында генетикалық тұқымқуалаушылық болған. "Баланың ірі болатынын білгенімізбен, операция жасауға негіз болған жоқ. Әйелдің денсаулығы жақсы болды. Жалпы, алып ұрықтың пайда болу себептеріне эндокриндік аурулар, витаминдерді қабылдау және тұқымқуалаушылық жатады", - дейді Ақтау қалалық периниталдық орталығының дәрігері Әйгерім Тәңірбергенова.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу