USD
USD
USD

Қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтар тізімі кеңейді

  Осы жылдың қаңтар айынан бастап елордадағы қоғамдық көліктерде тегін жүретін азаматтардың санатын кеңейттік, деп жазды бүгін өзінің Facebook парақшасында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.

Қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтар тізімі кеңейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгін №1 коммуналдық автобус паркінің қызметімен таныстым. Бұл автопарк жұмысы қаланың жетпіске жуық бағытын қамтиды, мыңнан астам жүргізуші еңбек етеді.

Субсидиялар есебінен азаматтардың жеңілдетілген санаттары қоғамдық көлікте тегін қатынайды. Сол сияқты осы жылдың қаңтар айынан бастап тегін қатынайтын азаматтардың санатын кеңейттік. Осыған дейін қалада кәмелетке толмаған тұрғындардың бәрі тегін жүретін еді», – дейді елорда әкімі.

Сондай-ақ оның сөзінше, қала тұрғындарының саны өсіп келе жатқанын, сондай-ақ жаңа көшелердің ашылғанын ескерер болсақ, қосымша автобустарды іске қосу қажет екенін жазды.

«Биыл желіге тағы 500 автобус (оның ішінде жеке инвестициялар есебінен де бар) шығаруды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты жол-көлік желісін дамытуға, яғни көшелерді, көпірлерді жөндеу мен салуға, жаңа жолдарды ашуға және т.б. назар аударуды тапсырдым», – деп мәлімдеді Астана әкімі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев