Қазақстанда Respublica партиясы ресми тіркелді
Respublica партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы партияның басшысы Айдарбек Ходжаназаров хабарлады.
Алматы, NEGE. "Достар, сүйінші! Біздің ресми өкіліміз Астанадағы ХҚКО-ның бірінен Respublica партиясының тіркеу құжатын қолына алды. Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл - ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі ортақ жеңісіміз! Алайда бұл сынақтар бізді тек күшейтті", - деді Айдарбек Қожаназаров.
Партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.
Сондай-ақ, Әділет министрлігі 2023 жылдың 18 қаңтарында «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігін тіркеуден өткізді.
«Тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ «Саяси партиялар туралы» Заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды. Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды» делінген хабарламада.
Қазір оқып жатыр
Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды
Тарихи триумф: қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасында бес алтын иеленді
Тапанша, гранатаатқыштар мен пулеметтер: Қазақстанда қаруды заңсыз өткізудің 52 арнасы жойылды
Тоқаев–Трамп диалогы: Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашылады?