Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен байланысқа шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен байланысқа шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бірін-бірі құттықтады.

Президенттер осы жылдары екі ел арасында көпжақты және өзара тиімді мемлекетаралық байланыстар жолға қойылғанын атап өтіп, қатынастардың стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанын жеткізді.

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон қазақ-тәжік қатынастарын одан әрі нығайту жөніндегі бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екенін тағы да нақтылады.

Қазір оқып жатыр

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі

Иорданиялық бақылаушы: Қазақстанның сайлауды ұйымдастыру тәжірибесі шынайы қызығушылық тудырады

Бушра Абу Шухут

«Чарли Чаплин» Құрылтай сайлауында дауыс берді

Чарли Чаплин

Құрылтай сайлауында ел тұрғындарының жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы