USD
USD
USD

Қандай шетелдік көлікті заңдастырудың қажеті жоқ?

Заңдастыруға жатпайтын шетелден әкелінген көлік түрлері аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қандай шетелдік көлікті заңдастырудың қажеті жоқ?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шетелдік көліктерді заңдастырудың Үкімет бекіткен ережесі мен талабының бизнеске арналған автокөліктерге қатысы жоқ. Оның қатарында жүк таситын ауыр көліктер мен автобустар бар», - деді Астана қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің мәліметінше, заңдастыру процесі сырт елден әкелінген элиталық автомобильдерге де қатысы бар.

«Ауыр жүк көліктері мен автобустар неліктен заңдастыруға жатпайтынын жиі сұрап жатады. Оның себебі – аталған көлік түрлері коммерциялық, яғни бизнеске арналған транспорт. Дегенмен аталған автокөлік түрлері жеке мақсатта қолданылатын болса онда заңдастыруға жатады», - деп түсіндірді полиция департаментінің өкілі.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран