15 Ақпан 15:11

Илон Маск өзінің иті Флокиді Twitter-дің «бас директоры» етіп тағайындады

Фото:

Илон Маск өзінің иті Флокиді Twitter-дің «бас директоры» етіп тағайындады.

Алматы, NEGE. Маск өзінің аккуантында иті Флокидің креслода отырған бірнеше суретін жариялаған. 

Фотосуреттегі жазбада жаңа бастықтың сандарды жақсы меңгеріп алғанын айтқан. 

«Твиттердің жаңа бас директоры керемет емес пе? Бұл басқа жігіттерден әлдеқайда жақсы!» - деп жазды Маск. 

Бұған дейін миллиардер соңғы үш айдың өте қиын болғанын түсіндірген. Ол әлеуметтік желіні банкроттықтан құтқаруды басқа компаниялардағы жұмысымен ұштастырғанын айтты.

Маск сонымен қатар Twitter-дегі DAU (күнделікті бірегей пайдаланушылар) нөмірлеріне риза екенін жеткізді. 

Тегтер: