2 Ақпан 19:24

Енді отбасын құруға болады: Бесінші қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер берді

Фото:

Арқалықта бесінші қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Патрульдік полиция қызметкері Алмат Әмірханға Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов қызметтік тұрғын үй кілтін табыстады. Бұған дейін полиция қызметкері туыстарымен бірге тұрып келген.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 7 қаңтарда болған. Қоршауға ілініп үлгерген қыз балконнан құлап түскен болатын. Бұл туралы қалалық ЖБО-ға өтіп бара жатқан адамдар таңғы сағат 05:30-да хабарлады. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов барып, жағдайды бағалап, қызды құтқару үшін барлық шараларды қабылдады.

– Полиция қызметкерлері өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді және күнделікті жұмыста қиын жағдайларға тап болады. Кейде адам өмірі тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеттеріне байланысты болады. Осындай ерлік әрекеті үшін Алмат Әмірханды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды, – деп атап өтті Арқалық қаласының әкімі.

– Енді отбасын құру туралы ойлануға болады, – деп атап өтті тәртіп сақшысы. Әзірге  полиция қызметкері ем қабылдап жатыр.

Құтқару кезінде ол аяғынан жарақат алған болатын.

Тегтер: