«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттарын бекітті
Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Мәжіліс пен мәслихаттарға 600-ден аса кандидаттарды бекітті, деп хабарлады «Хабар24».
Алматы, NEGE. Парламент депутаттығына ұсынатын үміткерлер тізімі де белгілі болды. Олардың жалпы саны 34. Атап айтқанда 25-сі саяси ұйым атынан, ал тоғызы мажоритарлы жүйе бойынша өзін өзі ұсынған азаматтар. Бұл туралы партияның кезекті съезінде белгілі болды.
Партия төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, «ауылдықтар» саяси науқанға қатысуға дайын. Сондай-ақ халық мүддесін қорғап, нақты, іске асуға лайық бағдарланы ұсынып, сайлаудан үлкен үміт күтеміз, -деді ол.
Қазір оқып жатыр
Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген
Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген
Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады
ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген