Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыға 15 сантиметр қар түсті

31 желтоқсан сағат 21:00-ден 1 қаңтар сағат 06:00-ге дейін Алматы қаласында қалың қар жауды, деп хабарлайды Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы. 

Алматыға 15 сантиметр қар түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көктайғақтың алдын алу мақсатында 174 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2099 тонна материал пайдаланылды.

Қардың қалыңдығы 15-20 см. Тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерүсті және жерасты өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Түнгі уақытта аталған жұмыстарға 462 арнайы техника мен 312 жұмысшы жұмылдырылды. Таңнан бері қар тазалау жұмыстарын 512 арнайы техника мен 1280 жұмысшы жалғастыруда. Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда жұмыстарды жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 1 қаңтар күні күндіз қалада ауа температурасы-2..-4°С құрайтын болады.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф