14 Ақпан 18:16

Алматыдан 71 шақырым жерде жер сілкінді

Фото:

14 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.00-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі не қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы.

Алматы, NEGE. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 71 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8.8.

MPV магнитудасы – 4.2.

Тереңдігі – 25 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Тегтер: