USD
USD
USD

Алматыда жаңа электр подстанциясы іске қосылады

Тозған инженерлік желілерді ауыстыру және модернизациялау жалғасып жатыр, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматыда жаңа электр подстанциясы іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың дені жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған, Бостандық ауданында орта есеппен 60%-ға тозған. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Былтыр Ерғожин, Ганди, Ғабдуллин, Могилевский, Сәтбаев көшелерінде және «Орбита-4» шағын ауданындағы 1,6 км жылу желілері реконструкцияланды.

Электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабель желісін төсеу аяқталды. «Алмагүл» подстанциясына электр қуатын беру жұмыстары жүріп жатыр. Іске қосылуы маусым айына жоспарланған.

Бұл аудандағы 200 мыңға жуық тұрғынды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев