USD
USD
USD

Алматыда су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты

Алматының бірнеше көшесін су басты, - деп хабарлайды қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Алматыда су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басқарма мәліметінше, Мыңбаев көшесінде су құбырының жарылуына байланысты сағат 3:40-тан бастап солтүстік бағытта орналасқан көшелерді, әсіресе Әуезов көшесін су басқан. Су Райымбек даңғылына дейін жеткен, ол жерден мүмкіндігінше арық желісіне бұрылып жатыр.

"Көктайғақтың алдын алу үшін Алматы тазалық МҚК қызметкерлері жол бойына 18 құмсепкіш көліктің күшімен, 4 тротуар тазалаушы көлікпен көктайғаққа қарсы материал себуге кірісті. Апаттың салдары бүгін реттелетін болады", - деді басқарма өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында жол апатынан екі адам мерт болды

жол апаты

Астанадағы Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады

Жол жабылады

Аягөзде 172 жүргізушіге айыппұл заңсыз салынған

Айыппұл

Рудныйдағы ERG зауытында жұмысшы қаза тапты

Жұмысшы қазасы