USD
USD
USD

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты: 75 тұрғын эвакуацияланды

3 қаңтар сағат 10:13 кезінде Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы хабарланған

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты: 75 тұрғын эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы жетіп, 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы екi бөлмелі пәтердің ас бөлмесін және тағы бір бөлмені 30 шаршы метр аумақта от шарпығанын анықтаған.

Мамандар сағат 10:59-да өртті сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 43 маман мен 11 бірлік техника жұмылдырылды. Қазір өрт себебі анықталып жатыр.

Өрт шыққан көпқабатты үйден 75 тұрғын, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Арнайы жасақтан келген Daewoo автобусы эвакуацияланған тұрғындарды жылыту шараларын қолға алды.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді