USD
USD
USD

Алматы облысында дәрігерлер ер адамның асқазанынан ас қасығын алды

Қонаев қаласындағы ауруханада хирургтар 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасығын алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz

Алматы облысында дәрігерлер ер адамның асқазанынан ас қасығын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Әдетте адамның асқазан-ішек жолына бөтен зат түссе, дәрігерлер күту тактикасын ұстанады. Алайда мұндай жағдайда оларға эндоскопиялық жоюға жүгінуге тура келген.

«Уақтылы диагноз қойылмаса, қабыну үдерісі, бөгде дененің айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, миграциясы, сонымен қатар өлімге әкелетін перитонитпен ішек өтімсіздігі немесе перфорацияның пайда болуы мүмкін еді», – деп түсіндірді аурухана хирургы Тахир Шкуралиев.

Қазіргі уақытта науқас өзін жақсы сезінеді. Ол қасықты ағзасына әдейі енгізгенін мойындайды.

Қазір оқып жатыр

Танкерге жасалған шабуыл Қазақстан мұнайын тиеуге әсер еткен жоқ

.

Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты соттың қашан басталатыны белгілі болды

Нұрай Серікбай

Дастархан басында қол алысып амандасу дұрыс па? Нұртөре Жүсіп пікір білдірді

Нұртөре Жүсіп

«Семей орманындағы» өрт оқшауланды

.