Ақтөбелік жігітті бопсалап, онлайн несие рәсімдеген күдіктілер құрықталды
Ақтөбелік жігітті бопсалап, онлайн несие рәсімдеген күдіктілер құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Ақпан айының басында полиция бөліміне 25 жастағы жігіт жүгінген. Ол өз арызында бейтаныс екі қыз бен жігіт қорқытып, ұялы телефонын тартып алып, мобильді қосымша арқылы 500 мың теңге онлайн несие рәсімдеген.
Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 1991 және 1985 жылы туған екі қызды және 1991 жылы туған жігітті анықтап, ұстады. Ұрланған ұялы телефон тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қазір оқып жатыр
Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалдайтын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
Алматыда Altyn City тұрғындары 40 градус аптапта жарықсыз қалып, жолды жапты
«Қайратпен» келіссөздер жүріп жатыр: Канье Уэстің концертіне билет сату кейінге шегерілді
Саканың хет-тригі Англияға әлем чемпионатының қола жүлдесін әкелді