USD
USD
USD

Ақтөбеде жасөспірім қармен жүретін көлікпен бір топ адамға соқтығысты

Ақтөбедегі демалыс базаларының бірінің аумағында жасөспірімнің қармен жүретін көлікпен бір топ адамға соқтығысқан сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтөбеде жасөспірім қармен жүретін көлікпен бір топ адамға соқтығысты
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE. Соқтығысу сәті түсірілген видео "Диапазонда" жарияланды. Видеода жасөспірім тізгіндеген қарда жүретін көлік халыққа соғылады.

Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген адамдардың жағдайын айтты.

"Балалар ауруханасына 5 адам түсті. 17 жастағы жәбірленушінің оң аяғындағы жұмсақ тіні көгерген, оны қабылдау бөлмесінде тексерді, сол жерде көмек көрсетілді. 16 жасар қызда аралас жарақат алған, оң жамбасы сынған, жамбас сүйегі сынған, жабық бас миының жарақатын алған, кей жері көгерген. Баланың жағдайы ауыр. Тағы бір қыз ол да 16 жаста, бас миының жабық жарақатын алған, кей жері көгерген, миы шайқалған, төменгі жағы сынған, орташа ауырлықтағы жағдай. 1,5 жасар бала жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, жағдайы да орташа ауырлықта. 5 жасар балада маңдай, маңдай аймағы көгерген", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Зардап шеккендердің барлығы есін жиып, ем қабылдап жатыр.

49 жастағы зардап шеккен ер адма жедел жәрдем ауруханасына түсті, аяқ сүйектері сынған, жағдайы орташа.

Еске салайық, Ақтөбедегі демалыс орталығында төтенше жағдай 28 қаңтарда сағат 15:30-да болған. Полиция өкілдерінің мәліметінше, қарлы төбенің жанында қарда жүретін көлікпен кәмелетке толмаған жасөспірім бір топ адамды басып өткен. Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қаза тауып, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті