USD
USD
USD

Ақмолалық ер адамды тонаған бұрынғы әріптесі ұсталды

28 қаңтарда Көкшетау қаласының полиция басқармасына 30 жастағы жергілікті тұрғыннан Юбилейный шағын ауданында танысы оған дене жарақатын салып, Samsung телефонын тартып алып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлады Полиция. 

Ақмолалық ер адамды тонаған бұрынғы әріптесі ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда күдікті ұсталды. Ол Атбасар ауданының 29 жастағы тұрғыны, сондай-ақ жәбірленушінің бұрынғы әріптесі екендігі анықталды.

Белгілі болғандай, жәбірленуші оның хабарламаларына жауап бермегеннен кейін, ол бұрынғы әріптесінің танысына барған сәтін торауылдап, дүкендердің бірінің алдында соққыға жығып, телефонын тартып алған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды жаңартуға байланысты мәлімдеме жасады

Оқулықтар

Сурдлимпиада жүлдегері былтыр уәде етілген баспанасын әлі алмағанын айтып, шағымданды

Дина Адамбаева

Астанада қонақ үй кәрізінен шала туған сәби табылды

шақалақ

Ақтауда жоғалып кеткен бозбаланың мәйіті судан табылды

жоғалған бозбаланы іздестіру