Ақмола облысындағы жылыту пункттеріне 50 ге жуық адам эвакуацияланды
2023 жылғы 9 қаңтарда республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының жабық учаскесінен 251 км а/ж қатты аязға байланысты құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметімен бірлесіп дизель отынымен жүретін жолаушылар автобусынан 49 адамды эвакуациялады, оның ішінде 6 бала, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Осылайша, Тәжікстан Республикасының 49 азаматы Щучинск қаласының орталық мешітіне жылыту пунктіне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
«Біз Тәжікстаннан Ресейге жол тарттық. – 40градус аязда біздің автобус жолда қалып қойды. Департаментіңізге, Қазақстан халқына бізді жылы жерге орналастырып, қолдау көрсеткендері үшін рахмет. Осындай суықта бізге көмектескендері, жылы жерге орналастырғандары, тамақтандырғандары үшін Қазақстанға алғыс айтамыз», – деп эвакуацияланғандардың бірі атап өтті.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан жолдардың жабылуы туралы СМС хабарламалар алған кезде жолға шықпауларын сұрайды. Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы ақпаратты «Darmen» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.
Қазір оқып жатыр
Qarmet тарихында алғаш рет электр энергиясын өндірудің ең жоғары көрсеткішіне жетті
Маңғыстауда 34 дана зергерлік бұйымды жыныс мүшесіне жасырып қойған әйел ұсталды
Жетісудағы Балқаш жағалауында жазда екі коммуналдық жағажай қолданысқа беріледі
Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін тағы 2,5 млрд долларға дейін қарыз тартпақ