USD
USD
USD

Абай облысында тауға серуенге шығып, жоғалып кеткен отбасы аман-есен табылды

 Абай облысында тауға серуенге кетіп жоғалып кеткен отбасы аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысында тауға серуенге шығып, жоғалып кеткен отбасы аман-есен табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін Үржар ауданында болған. Белгілі болғандай, бір отбасы мүшелері Бестерек ауылдық округіндегі тауға серуенге шыққан. Барлығы 3 адам қалың қар мен боранның салдарынан қайта алмай қалған. Олар мүлде хабарсыз кеткендіктен таныстары құтқарушыларға хабар берді.

Хабар түсе салысымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен «Тарбағатай» ұлттық паркінің мамандарынан құрылған арнайы құтқарушылар тобы іздеуге аттанды. Топтың жедел әрі бірлесе әрекет етуінің нәтижесінде жоғалған адамдар аман-есен табылды.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Осы ретте, құтқарушылар ауа-райының қолайсыздығына орай өңір жұртшылығына алыс сапарға шықпауға, таулы жерлерге бармауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев