USD
USD
USD

Дубайға ұшу билеттері арзандайды

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық биліктерімен бірлесіп, мереке күндері мен каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Дубайға ұшу билеттері арзандайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәселен, 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін "Fly Dubai" әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.

Қазір оқып жатыр

Рақымшылық аясында жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар кешірілді

әкімшілік айыппұл

Тоқаев: «Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды»

Қытай

СҚО-да бюджет қаражатын жымқырғаны үшін ауылдық әкімдік бухгалтерлері сотталды

бюдже қаржысын жымқыру

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

өрт