15 Сәуір 00:33

Ақтөбе облысында зардап шеккендерге үй салатын жер нақтыланды

Су тасқыны
Фото: Gov.kz
Облыста 436 жер телімі дайын тұр.

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысына сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй салу үшін әкімдік тарапынан бөлінген жер телімдерінің жағдайын тексерді.

Әкімдіктің мәліметінше, облыста 436 дайын жер телімі бар.

Олар:

  • Ойыл ауданында – 321;
  • Қобда ауданында – 77;
  • Әйтеке би ауданында – 22;
  • Темір ауданында – 10;
  • Ақтөбе қаласында – 6.

Министр жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қалпына келтіру мәселесін жеке бақылауда ұстамақ. Сонымен қатар, ол Қобда ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін және 2023 жылы апаттан зардап шеккендерге арнап салынған 24 үйді де аралады.

Айта кетейік, бұл шаралар – табиғи апаттарға тап болған азаматтарды қолдау жөніндегі кең ауқымды мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі