27 Сәуір 17:18

Жолшылар алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді

Алғашқы медициналық көмек
Фото: ғаламтордан
Жол салушы мамандар да алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйреніп жатыр. 

Алматы, NEGE. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы облысы бойынша филиалының қызметкерлері алғашқы медициналық қызмет көрсету тақырыбы бойынша оқуға қатысты. Қызметкерлер теориялық және практикалық сабақтар алды. Мәселен, адам анатомиясы мен физиологиясы туралы жалпы ақпарат, медициналық білімі жоқ адамдар көрсететін дәрігерге дейінгі медициналық көмекті ұйымдастыру және тыныс алу мен жүрек қызметіні тоқтау кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Жолшылар
ғаламтордан

 Сонымен қатар, жарақаттар, шок кезінде, суға бату, кейбір улану кезінде, жаралар мен қан кетулер кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету. «Алғашқы көмек біздің қызметкерлер үшін өте маңызды, жолға іссапарға шығады, зертханада сынақтар жүргізеді күтпеген жерден оқыс оқиға орын алғанда қандай шаралар қабылдау кажет екені туралы кейде білмей жатамыз, бүгінгі сабақта әр түрлі жағдайларда қандай көмек көрсету керек екендігі туралы көптеген ақпараттар алдық» - деді ЖАСҰО Алматы облыстық филалының сапа және мемлекеттік есепке алу бөлімінің басшысы Қанат Қайратұлы.

Алғашқы медициналық көмек
ғаламтордан

 Одан өзге сынықтар, аралас және көп жарақаттанған зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ерекшеліктері кезінде, оның ішінде жол-көлік оқиғалары және биіктіктен құлау кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді үйренді. Бұдан бөлек филиал мамандары алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде кенеттен есін жоғалту, эпилепсия ұстамасы, истерикалық ұстама болғанда, автоматты сыртқы дефибриллятор көмегімен Дефибрилляция жасау, термиялық және химиялық күйіктер, жалпы гипотермия және үсік кезінде, тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылған, тұншықтырылған және басылған кезде дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің қалай болатынын көрді. Әрі олардың сынықтар мен қанау кезінде жарақатты таңа білуіде маңызды. Филиал қызметкерлерін оқыту үшін арнайы Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушысы келіп теориялық және практикалық білім берді. Оқу соңында қатысушылар арнайы тесттен өтті, сертификаттар берілді.