28 Сәуір 15:47

ТЖ жарияланғалы бері Жылыой ауданында 42 сәби дүниеге келді

нәресте
Фото: ашық дереккөзден

Жылыой ауданы орталық ауруханасы басшылығының мәліметінше, су тасқыны кезінде жарық дүниеге келген шақалақтың 20-сы ер бала, 22-сі қыз бала.

Алматы, NEGE. «5 сәуірден бастап өмірге келген сәбилердің арасында егіз нәресте де бар. 26 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Жылыой аудандық ауруханасында босанудан кейінгі бөлімшеде 8 жас ана жатыр. Нәрестелердің де, аналарының да жағдайы қалыпты», - деді Жылыой ауданы орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахманов.

Жылыой ауданы бойынша бүгінгі таңда 1073 әйел адам жүктілігі бойынша есепте тұр екен.