4 Мамыр 01:15

Қостанай облысында ұшақ суға қонуға мәжбүр болды

Ан-2
Фото: әлеуметтік желіден

«Навигатор» ЖШС авиакомпаниясына тиесілі UP-A0124 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар Ан-2 әуе кемесінің Арқалық-Ақсұңқар (Қостанай) бағытында № АК31224 санитариялық рейсін орындау мақсатында 16:10-да ұшуды жүзеге асыру кезінде биіктіктің күрт төмендеуінен су айдынына (еріген су) қонды.

Алматы, NEGE. Әуе кемесінің бортында 2 экипаж мүшесі және 3 қызметтік жолаушы болған. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментімен Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ.

Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.

Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес авиациялық оқиға ретінде жіктеледі және оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруге тиіс. Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылды.

Oқиғаның себептері анықталуда.